$ 448.56  478.03  4.79

Студенттердің ата-аналары орын жоқтығын айтып, жанайқайын жеткіздi

Базынасын арқалағандардың дені еліміздің әр түпкірінен келген деп хабарлайды.

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университіне оқуға түскен бірінші крус студенттерінің ата-аналары жатақханада орын жоқтығын айтып, жанақайын жеткізді. Базынасын  арқалағандардың дені еліміздің әр түпкірінен келген деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің маңайы күнде жиын, күнде дүрбелең. Грантқа түскен баласын жетектеп, жатақханадан орын таппаған ата-аналар кезекке алдын-ала онлайн тіркелгенін айтады.

Алыстан артынып-тартынып жеткен бойда құжаттарын түгендеп, жатақхананың ақысын төлеп үлгеріпті. Алайда жатақханада орын жоқтығын естіген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#студент