$ 494.87  520.65  4.91

«Жағдай қиын»: Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер әлі іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

«Жеңіс шыңына» көтеріліп, қайтар жолда біреуі қаза таптқан қазақстандық альпинистердің хабар-ошарсыз кеткеніне бүгін төртінші күн. Іздеуге қазақстандық құтқарушылармен қатар қырғыздарда жұмылдырылды. Дегенмен екі тарап та табиғат алдында дәрменсіз болып отыр.

Тянь-Шань тауында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіруге ауа-райы кедергі келтіріп тұр. Қорғаныс министрлігі жіберген әскери альпинистер 2200 метр биіктіктегі Қарқара шатқалына қонды. Дегенмен ауа-райы қолайсыздығынан МИ - 171 тікұшақ бұл нүктеден биік көтеріле алмаған. Айта кетсек, Қырғызстандағы «Жеңіс шыңына» көтерілеміз деген үш альпинистің біреуі қаза болған. Әзірге олардан ешқандай хабар жоқ, деп хабарлады АстанаТВ.

«Жеңіс шыңына» көтеріліп, қайтар жолда біреуі қаза таптқан қазақстандық альпинистердің хабар-ошарсыз кеткеніне бүгін төртінші күн. Іздеуге қазақстандық құтқарушылармен қатар қырғыздарда жұмылдырылды. Дегенмен екі тарап та табиғат алдында дәрменсіз болып отыр. 

«Бүгінгі ауа райы ұшуға жарамайды. Ертеңгі күн райын қараймыз. Трагедия болған жерді ұшақпен барлаймыз. Содан кейін ғана не істейтініміз белгілі болады. Бағдармен жүрудің пайдасы жоқ. Іздеу аумағы ауқымды, сондықтан оларды табу қиынға соғады», - деді Василий Пивцов, ҚР Қорғаныс министрлігінің аға лейтенанты, құтқару операциясының жетекшісі. 

«Жеңіс шыңының» биіктігі 7 мың 439 метрді . «Аlpineasiateam» сайтының ақпаратына сүйенсек, 1955 жылдан 2017 жыл аралығында бұл биіктікке көтерілмек болған 70 альпинист көз жұмған. ТМД аумағындағы ең биік деген 5 шыңның бірі. Сондықтан «Жеңіс шыңы» өзгелерінен қауіпті саналады.  

«Бұл шың ТМД аумағындағы биіктігі 7 шақырымнан асатын биіктіктердің арасындағы ең қауіптісі, қиыны. Өйткені мұнда ауа-райы өте құбылмалы. Бұл шыңға мен 2017 жылы тек екінші рет көтеріле алдым. Жолда екі жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистің мәйітін тауып, көмгенбіз. Қазақстандық альпинистердің аман қалуы олардың өзімен алып шыққан жабдықтарының бар-жоғына байланысты. Егер жоғалтқан болса, жағдай қиын», - Сергей Храпко, альпинист, «қар барысы» атағының иегері.

Қазақстандық альпинистер Андрей Корнеев, Александр Чечулин және Мұрат Өтепбаев тамыз басында «Жеңіс шыңына» көтерілуді мақсат етіп жолға шыққан. Ауа райы қолайсыздығынан шатырларынан айрылған олар далада түнеуге мәжбүр болған. Келесі күні біреуі, яғни Александр Чечулин, ұйқысынан оянбай қалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тау