20.08.2019, 14:55

Түркістанда әйел адам мен оның қызын аяусыз ұрған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Ведомство мәліметінше, күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы және 149-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, күдікті қамауға алынды.