$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі жазушы-журналист Еркінбай Әкімқұлов өмірден өтті

Белгілі жазушы-журналист Еркінбай Әкімқұлов 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Еркінбай Әкімқұлов 1937 жылы 4 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Балтакөл колхозында қарапайым шаруа отбасында туған. 

Әдебиет пен өнерге үлкен әуестігі бала кезінен білінген Еркінбай 7-8 сыныптан бастап өлең жаза бастайды. Әдебиетке құмарлық оны 1954 жылы қазақтың С.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетіне алып келді. 

1959 жылы университетті бітір­геннен кейін Еркінбай Әлім­­құлұлы республикалық жастар газетіне шақырылып, онда әуелі әдеби қызметкер, содан соң насихат және үгіт, әдебиет және өнер бөлімдерінің меңгерушісі болып, 1968 жылға дейін белсене еңбек етті. Осы жылы партиялық жұмысқа шақы­рылып, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінде 1974 жылға дейін жауапты қызмет атқарды. 

Мұнан кейін ол «Жазушы» баспасының жасөспірімдер әдебиеті редакциясының меңгерушісі болады. 1976 жылы «Жалын» баспасы жаңадан ашылғанда да сол баспаны ұйымдастыруға тікелей атса­лы­сады. Қаламгер көбіне қатар­дағы қарапайым адамның тағдыры мен болмыс-бітімін, тіршілік тінін қаламына арқау еткен. Мәселен, жазушының «Домбыра» әңгімесіндегі Ерболы, «Жаңа әулет» пове­сін­дегі Таубайы, «Момындар үлесіндегі» Бекайдары – бүгінгі күннің бар жүгін арқалаған қарапайым адамдардың протатиптері. Жазушының кейіпкерлері көбіне ерекше қасиеттері арқылы белгілі. 

Е.Әкімқұловтың драматур­гия саласында да азды-көпті еңбектері бар. Бір актылы пьеса­лары республикалық мерзімді баспасөзде, телевизияда жарық көрсе, «Ғалия» атты музыкалық екі бөлімді радиопьесасы респуб­ликалық радиоэфирден беріліп келеді. Балаларға арналған поляктың классик жазушысы Януш Корчак­тың «Қайта оралған бала­лық» және татар жазушысы Рафаэль Мұстафиннің «Кішкентай Мұса» деген повестерін қазақ тіліне тәржімалады. Еркінбай Әкімқұлов «Еңбек­тегі ерлігі үшін» медалімен мара­пат­талған. 

1997 жылы жазушыға Мақта­арал ауданының Құрмет­ті азаматы деген атақ берілді. 

Редакция ұжымы жазушының отбасына, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтады

Дереккөз: Aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жазушы