20.08.2019, 21:57

Қарағанды облысындағы көмір резерві өртеніп жатыр

Оқиға туралы Қарағанды облыстық Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне хабарланды

Қарағанды облысында «Шұбаркөл көмір» АҚ-ға қарасты разрездердің бірінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 тамыз күні сағат 15.40-та «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның «Батыс» разрезінде геологиялық жарық бойынша +450 м ПК13с таулы көмір ойығында түтін шыққаны тіркелді. 20 тамыз күні сағат 08.00-де түтіндеу процесі көмірі бар тау жыныстарының жануына ұласқан. Қазіргі уақытта өрт ошағын оқшаулау және оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

«Аталмыш ойықта тау-кен жұмыстары жүргізілмейді және екі жылдан бері оның эксплуатациясы тоқтатылған. 

Оқиға туралы Қарағанды облыстық Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне хабарланды», - деді компаниядан. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Тегтер: Қарағанды