21 тамызда Қостанай облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік- батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.
Қостанай қаласында 21 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
21 тамызда Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.
Көкшетау қаласында 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Дереккөз: BAQ.KZ