$ 448.89  477.93  4.76

Үндістанның «Чандраян-2» станциясы Ай орбитасына жетті

Аппарат 7 қыркүйекте Айға қонады деп күтілуде.

Үндістанның «Чандраян-2» станциясы Ай орбитасына жетті. Бұл туралы ғарыштық зерттеулер ұйымының басшысы Кайласавадивоо Сиван хабарлады, деп жазады 24.kz.

Аппарат 7 қыркүйекте Айға қонады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 20 тамызда үндінің ғарыш аппараты «Чандраян-2» ай орбитасына шықты. Бұл Үндістандағы ғарыштық зерттеулер ұйымының екінші ай серігі. Бұған дейінгі «Чандраян-1» орбитада ғана жұмыс істесе, ал соңғы шыққан аппаратты айдың оңтүстік полюсіне қондыру жоспарланған. Соның арқасында ғалымдар жер серігі туралы жаңа  мәліметтер алуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үндістан