$ 494.87  520.65  4.91

Алтай Көлгінов қала көшелеріндегі су басу мәселесін қолға алды

Әсіресе Б.Момышұлы, А.Иманов көшелері мен Тұран даңғылына су көп жиналатындықтан, жұмыстарды осы орындардан бастайтын боламыз.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жауын-шашыннан кейінгі ахуалды шешетінін өзінің Facebook-парақшасында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

"Бүгінгі жауын-шашын салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басып, жауын суы канализациясының жоқтығы өзекті мәселе екенін тағы бір көрсетті. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін тиісті жоба жасақталуда.

Әсіресе Б.Момышұлы, А.Иманов көшелері мен Тұран даңғылына су көп жиналатындықтан, жұмыстарды осы орындардан бастайтын боламыз. 

Сонымен қатар қаланың тағы бірқатар орындарындағы осы проблемаларды шешу мақсатында жасалып жатқан жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталуға жақын", - деп жазба қалдырды қала әкімі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары