Хромтау қаласынан Ақтөбеге бет алған жүргізуші түйені қағып кетті. Ол жабық бас-ми жарақатымен аурухағана түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Оқиға Самара-Шымкент тасжолының 744 шақырымында болды. «УАЗ-390945-440» көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші жолды кесіп өтпек болған түйені көрген кезде шұғыл тоқтап үлгермеген. Нәтижесінде түйені қағып кетіп, өзі жараланды.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің оң аяғы жараланып, миы шайқалды. Ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ал түйе тірі, оны иесі алып кетті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.