Жаңалықтар 22.08.2019 сағат 20:30

Атырау театрында шыққан өрт сөндірілді

Тілсіз жаумен күрес 3 сағатқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Атырау театрында шыққан өрт сөндірілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тілсіз жаумен күрес 3 сағатқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Атырау қаласында М.Өтемісов атындағы драма театрында шыққан өрт толығымен сөндірілді.

"Өрт 18.20-да сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 55 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. 16 полицей драма театр аумағын қоршауға атсалысты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген мекеменің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін 800 млн теңгеге жөнделген драма театр өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар