Нұр-Сұлтандағы "Өндіріс" ықшам-ауданының кейбір тұрғындары Уәлиханов көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшіріледі. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен қоғамдық кеңесте қала басшысы Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өндіріс" ықшам ауданы аумағында 312 жер учаскесін заңсыз басып алу фактісі анықталды. Бұл жер телімдерінде 1300-ден астам адам тұрады. Облыс әкімдігі ұсынып отырған мәселе шешімі – осы адамдарға өз қаражаты есебінен баспана тауып беретін инвесторларға жер телімін беру мүмкіндігін қарастыру.
"117 адам тұратын 26 тұрғын үй орналасқан 39-шы разъезді көшіру мәселесіне жеке тоқтала кетсек. Бұл аумақтың экологиялық хәлі мүшкіл. Себебі мұндағы үйлер мұнай базасына өте жақын орналасқан. Қала әкімі бұл аудан тұрғындарын қоныстандыру мәселесін шешуді тапсырды. Бүгінгі таңда қоныс аудару мәселесі енді қолға алынғалы жатыр. Мәселе жыл соңына дейін шешіледі", - деді Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов.
Көлгіновтың айтуынша, 39-шы разъезд тұрғындары билікке өздері шағымдарын, тұрып жатқан жерлерін көруге шақырған.
"Ешқандай да санитарлық нормалар сақталмаған. Терминалдар үйге өте жақын орналасқан, оның үстіне жанар-жағармай құю бекеттері де бар жанында. Ел қоныстанған өңірден 1000 метр аулақ болуы керек деген санитарлық норма орындалмаған. Ел бөшкелердің ортасында отыр. Ол арада 26 отбасы тұрады. Өздері үйреніп те қалған, бірақ, әрине өздерін көшірулерін сұрайды. Көшуге келіспей отырған бірнеше отбасы да бар. Бәрін келісіммен асықпай жүзеге асыру керек", - деді Алтай Көлгінов
Сондай-ақ ол елордада тозығы жеткен баспана мәселесі де өзекті екенін атап өтті. Ал мұндай үйлерді жаңғырту үшін қалада арнайы бағдарлама қолға алынған. Құлайын деп тұрған, тұрғын үй қауіпсіздігі талаптарына еш сай келмейтін үйдің тұрғындары Уәлиханов көшесінің бойындағы жаңа баспанаға көшірілмек.