$ 441.58  480  4.86

3 жасар қызын зорлап, өлтіріп тастаған: Түркістанда облыстық сот 41 жастағы ер адамның ісін қарап жатыр

Сараптама күдіктінің дені сау және еш ауытқуы жоқ екенін растады.

Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында 41 жастағы азаматқа қатысты іс қаралып жатыр. Ордабасы ауданының тұрғыны өзінің туған қызын зорлап, артынан пышақтап кеткен, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылы күзде Ордабасы ауданының Боржар округындағы жазғы жайылымда болған. Күдікті фермердің малын бағумен күн көрді. Отбасымен бірге сол жерде жайылымдағы шағын үйде тұрған.

6 қазанға қараған түні ішімдік ішіп алып  Серік Р. үйдің астан-кестенін шығарған. Ол алдымен 3 жасар қызын зорлап, артынан 20 рет пышақ сұғып өлтірген. Сөйтіп, түк болмағандай ұйқыға жатқан. Зәре-құты қашқан қыздың анасы ештеңе істей алмадым дейді. Ол бірден туыстарына хабарласып, құқық қорғаушыларды жіберуді сұрады. Сол түні келген полиция қаскөйді қамауға алды.

Тергеу кезінде қандықол қылмыскер екі рет арнайы медициналық-психиатриялық сараптамадан өтті. Оның есі дұрыс екеніне ешкім сенбейді. Алайда кешенді сараптама оның дені сау және ешқандай ауытқуы жоқ екенін растады. Өз әрекеті үшін жауап бере алады. Ал өзі қатты мас болдым, есімді білмедім деп ақталды.

Сот жабық режимде өтіп жатыр. Алайда оған қатысты екі қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. Іс қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлімі (жас баланы зорлау) және 99-бабының бірнеше бөлігі (дәрменсіз халде болған, кәмелетке толмаған адамды ерекше қатыгездікпен өлтіру) бойынша қарастырылып жатыр. Қаскөй 15 жылдан 20 жылға дейін, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары