Жаңалықтар 24.08.2019 сағат 07:30

Елорда полицейлері қайтыс болғандар туралы ақпаратты сатқан

Полицейлердің дені полиция майоры лауазымында болған.
Елорда полицейлері қайтыс болғандар туралы ақпаратты сатқан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елорда полицейлері және жерлеумен айналысатын агенттік адамдарымен заңсыз байланыс орнатып, оларға қайтыс болғандар туралы ақпаратты сатқан. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Анар Жарова айтты.

Полицейлерден көз жұмғандар туралы ақпарат алған соң, агенттік қызметкерлері қайтыс болғандардың туыстарына хабарласқан.

"Олар жұрттың қайғысына қарамай, өздерінің қызметін ұсынған. Бірден бұл агенттіктер қайғыға душар болған отбасы туралы ақпаратты қайдан алды деген сауал туындайды", -деді брифинг барысында Анар Жарова.

Астаналық жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру жұмысын бастады. Қорытындысы бойынша "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарындағы кезекші бөлімнің тоғыз қызметкері жұмыстан шығарылды.

Полицейлердің дені полиция майоры лауазымында болған.

Түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізбеген басшылар тәртіптік жауапқа тартылды.

Жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын айтты.

Дереккөз: Holanews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар