24.08.2019, 14:24

Перзентханада 2 жігіт төбелес шығарды: күзетшіге қол көтергендер ұсталды

Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді.

Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл оқиға 22 тамыз күні болған. Сол күні Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді. Ескертуге құлақ аспаған олар медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлейді. Күзетшіге қол көтеріп, оны ұрып-соққан. 

«Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.