Ақмола полицейлері Целиноград ауданының Талапкер ауылында итті таспен ұрған жасөспірімдердің жеке басын анықтады деп хабарлайды өңірлік полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, 24 тамызда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында итке қарсы қатігез қарым-қатынас фактісі көрсетілген бейне таратылған болатын. Бейнеролик авторының айтуынша, оқиға Целиноград ауданының Талапкер кентінде орын алған.
Полиция департаменті бұл бейнені зерделеп, сол күні кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады.
Целиноград ауданының полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 22 тамызда 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірім ағашқа кәмелетке толмаған баланың итін байлап, қинай бастаған. Балалардың қатігез әрекетін бойжеткен тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен ата-аналардың қатысуымен жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.
Балалар кәмелеттік жасқа толмағандыөтан, олардың ата-анадарына әкімшілік айыппұл салынды.
Айта кету керек, аталған жасөспірімдер тәрбиеленіп жатқан отбасылар полицияда есепте тұрмайды.
Қазіргі уақытта "Барыс" атты ит иесінің келісімімен Нұр-сұлтан қаласында жаңа қамқоршылардың қолында.