$ 449.58  486.94  4.86

Ресей қорғаныс министрлігі баллистикалық ракеталарын сынақтан өткізді

Ресей ракеталары Баренц теңізі мен Солтүстік Мұзды мұхитының полюске жақын аймағынан ұшырылды.

Ресей қорғаныс министрлігі "Синева" және "Булава" баллистикалық ракеталарын сынақтан өткізді. Ракеталар "Тула" және "Юрий Долгорукий" кемелерінен ұшырылған. Бұл туралы министрлік сайты хабарлады.

18 тамызда АҚШ Tomahawk қанатты зымыранын сынақтан өткізген соң Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіне ракеталарды тексеруге пәрмен берген.

Ресей ракеталары Баренц теңізі мен Солтүстік Мұзды мұхитының полюске жақын аймағынан ұшырылды. Зымырандар Архангельск облысы мен Камчаткадағы полигонға түскен. Министрлік жаттығу сәтті болғанын хабарлады.

2 тамызда АҚШ орта және жақын қашықтыққа ұшатын ракеталар келісімінен шыққан. Вашингтон Ресейдің 9М729 "Новатор" ракетасы құжат шарттарын бұзады деп санайды. Мәскеу бұл айыптаумен келіспейді. Кейін Ресей де бұл келісімнен шығып кеткен.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ресей