25 тамыз күні Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жексенбіде Атырау, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.