26.08.2019, 03:10

«Мініп алып, шауып жатқан жоқ па?»: қара нәсілді жігітпен суретке түскен Доғалова тағы да сөз естіп қалды

Желі қолданушылары әншінің жігітпен түскен суретінің астына ауыр сөздер жазған.

Жанар Дұғалова әлеуметтік желіге қара нәсілді жігітпен түскен суретін жүктеп, сөз естіп қалды.

«Джозайя досымның өнеріне қатты тәнтімін. Ойнамайтын аспабы жоқ. Бұл дарынды баладан үйренерім көп екен», - деп жазған әнші İnstagram-парақшасына.

Желі қолданушылары әншінің жігітпен түскен суретінің астына ауыр сөздер жазған.

«Мынаның отырысы қазақ жігіттерінің намысына қалай тиетінін түсіне ме екен?», «Мініп алып, шауып жатқан жрқ па?», «Өз аспабын айтып жатқан шығар», - деп жазды ол.