$ 444.22  476.38  4.82

Біреуі көз жұмды: елордада атыс болды

Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды.

ҚР ІІМ және Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бір тәулік ішінде бір-біріне оқ атып, ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«25 тамыз күні Жедел басқару орталығына Маман көшесінде атыс болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайға көз жеткізді. Бір топ адам дауласып, ашуға булыққан бір топ бірнеше адамға қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 4 адам жараланды. Оның біреуі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырған» делінген хабарламада. 

Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынған.  Аталмыш іске қатысы бар барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Оқ атылған қару-жарақ табылып, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мән-жайды анықтау кезінде оқиға қатысушылары арасындағы жанжал дұшпандық қарым-қатынас негізінде туындағаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #атыс