Ақтөбе тұрғыны подъезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан6 қалыңдығының көйлегі кірлемес үшін оған ыңғайлы жағдай жасады. Күйеу жігіт сүйгенін кранмен балкон арқылы түсірді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Павел мен Карина Прокофьева үшін 23 тамыз отбасы құрған күн болды. Жас жұбайлардың үйлену тойын ұзақ уақыт тек туыстары ғана емес, көршілері де ұмытпайды.
"Павелдің өзі Мартуктан шыққан, бірақ көптен бері қалада тұрады. Қазір оның үйінің кіреберісінде күрделі жөндеу, шаң мен кір жиналуда. Сондықтан ол қалыңдықты осылай алып шығуға бел буды", - дейді күйеу жігіттің туысы Лидия.
Павел креативті тәсілден бұрын Каринаға субұрқақ жанында ұсыныс жасаған болатын.
Енді жаңадан үйленгендер бал айына Байкал көліне баруды жоспарлап отыр.