$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде мектеп директоры мен мұғалімнің арасындағы дау сотқа жетті (ВИДЕО)

Мектеп директоры бәріне мұғалімнің өзін кінәлап отыр. Айтуынша, қаладан қатынауды сылтауратып сабаққа кешігіп келеді және қоғамдық жұмыстарға араласпайды екен.

Ақтөбеде Пригород ауылындағы орта мектептің директоры мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі соттасып жатыр. Ұстаздар бас прокуратураға дейін арыз жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басшы мен қызметкер арасындағы жанжал бейнелеген видео әлеуметтік желіде тараған. Бейнежазба желіге 4 маусым күні жарияланғаны белгілі болды.

Видеодан "Сен мені тыя алмайсың" деп ашуланған директор мен "Ұялмайсыз ба, мені осылай ұруға?" деп шырылдаған мектеп мұғалімінің даусын естуге болады.

"Директор оған дейін де маған қол көтерді. Ол кезде мен түсіре алмадым. Осы жағдайда бәрі аяқасты болды. Телефонға түсірдің деп қолымды қайырды. Ол кісі жеке өміріңе тиіседі, әңгіме таратады. Кабинетінің түбіне камера қойып алған. Аңдып отырады. Жұмысының бәрін орынбасарлары істейді. Ал өзі группаға Instagram-нан бірдеңелер жіберіп отырады", - дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әдемі Бауыржанқызы.

Шетелден білім алып келген жас маман алғашқы жұмыс орнындағы жанжалға қатысты араша сұрап жүр.

Ал мектеп директоры бәріне мұғалімнің өзін кінәлап отыр. Айтуынша, қаладан қатынауды сылтауратып сабаққа кешігіп келеді және қоғамдық жұмыстарға араласпайды екен.

"Алғашында ешқандай өрескел қылық көрмедік. Кейін әкімшілікпен келіспеушіліктер болып, тәртіпбұзушылық болды. Ол жас мұғалім ретінде өзіне тапсырылған қоғамдық жұмыстардан бас тартады. Қаладан қатынап жұмыс істейтіндіктен екінші, үшінші сабаққа қойдық. Ол соған кешігіп келеді.

Мемлекеттік емтихан жүріп жатқанда мектеп ішіндегі тәртіп бұзылды. Біз сотқа дейін бардық. Мен оны сотта жеңдім. 500 мың теңге моральдық өтемақы сұрадым. Сот ол мұғалімге 150 мың теңге төлеуді міндеттеді және Instagram арқылы кешірім сұрауды міндеттеді. Ол сот үкімімен келіспей қайта арыз жазып жатыр", - дейді мектеп директоры Гүлнәр Жанина.

Мектептегі жанжалға қатысты білім бөлімі де тексеріс жүргізген. Олар дауға мектеп директоры да, мұғалімді де кінәлі деп таныған.

Сондай-ақ, этиканы сақтамай, мектепте жағымсыз жағдай туғызған басшыны қатаң тәртіптік жазаға тартуды ұсынған. Дегенмен мұнымен келіспейтін мектеп директоры сотта жеңгенін алға тартып, сотқа тағы арыз түсірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары