$ 442.05  474.14  4.74

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға бас бостандығынан айрылды

Ол қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда жазасын өтемек.

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Серік Аманғалиев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

МО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша,  С.Аманғалиев ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік компанияларда, екінші деңгейдегі банктерде жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

Ол қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда жазасын өтемек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары