$ 449.58  486.94  4.86

Жедел жәрдем көлігіне жол бермегендер жазалануы мүмкін

Жедел -жәрдемге аурудың дәрежесіне байланысты шақырылған жерге жетуге тиісті уақыт белгіленген. Ең жылдам келу уақыты 10 минут, келесі орташа уақыты 15 минут, одан кейінгісі 30 минут.

Шымкент қаласында "Шымкент Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасымен бірге "Жол бер - Өмірді сақта" акциясын өткізді, деп жазады Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі. 

Шараның басты мақсаты - жол қозғалысы кезінде көлік жүргізушілерін жедел-жәрдемге жол беріп, әрбір секундтың маңызды екендігін ұғындыру.

7 жылдан бері өмірі жедел-жәрдем көлігін тізгіндеп өтіп жатқан Нұрғали Сманқұловтың жұмысының қызығы мен шыжығы көп. Бір ауысымға түскенде 24 сағат рульде жүреді. Науқасты ауруханаға жеткізу кезінде әрбір секунд маңызды дейді.

"Жұмыс болған соң оңай жағы, қиын жағы да бар. Қиындығы қатты науқас адамды ауруханаға уақытылы жеткізу. Жедел жету керек болады. Кейде қарсы бетке де өтіп, бағдаршамның қызыл түсіне де өтіп кетуге тура келеді", - дейді жеделжәрдем жүргізушісі Нұрғали Сманқұлов.

Жедел -жәрдемге аурудың дәрежесіне байланысты шақырылған жерге жетуге тиісті уақыт белгіленген. Ең жылдам келу уақыты 10 минут, келесі орташа уақыты 15 минут, одан кейінгісі 30 минут. Алайда, олардың діттеген жеріне жетуге жеке көлік жүргізушілерінің кедергі келтіретіні көп.

"Бұл арнайы автокөліктерге жедел-жәрдем көліктеріне тез жету кезінде, басқа автокөліктердің жол беруіне байланысты іс -шара өткізілді. Жедел-жәрдем көлігіне кептеліс кезінде қарсы жолаққа, басқа жүргізушілер жол бергеніне көз жеткізіп қана қозғалысты жалғастыруға болады", - дейді Патрульдік полиция полкінің штаб басшысы.  

"Шымкент Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі, полиция департаменті, денсаулық басқармасымен бірге өткізген "Жол бер - өмірді сақта" акциясы кезінде жол бермеген көлік иелеріне ескерту жасалды. Қасақана жол бермеген жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары