Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері қызыл жалын шарпыған аумаққа дереу аттанды деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өрт туралы хабар сағат 16.45-те жеткені белгілі болды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға сегіз техника мен 28 жеке құрам қатысты.
Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Бөлімде хабарланғандай, зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі дәнекерлеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болуы мүмкін.
Құрылысы салынып жатқан екі қабатты үйдің шатыры өртеніп жатқаны хабарланды. Айта кетерлігі, бұл аймақты тұрғындар "депутат қалашығы" деп атайды.