$ 443.85  474.3  4.8

Испания астанасы су астында қалды

Тіпті жергілікті метро станцияларын да су басыпты.

Испания астанасы Мадрид толассыз жаңбырдан кейін су астында қалды. Жауыннан кейін көшелер суға толып,  жаяу жүргіншілер мен көліктердің жүруіне қиындық туғызған, деп хабарлады  24.kz. 

Тіпті жергілікті метро станцияларын да су басыпты. Куәгерлердің таспаға тартқан видеоларынан табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен аудандардың бірін көруге болады. Осыған байланысты жергілікті билік қазір шұғыл шара қабылдап, төтенше жағдайдың алдын алуға тырысып жатыр. Ал синоптиктердің мәліметінше, жаз соңына дейін Испанияда әлі де жауын-шашынды күндер күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Испания