Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистің «Дұшпаныңыз бар ма?» деген сұрағына жауап берді. Сондай-ақ, экс-министр танымал шетелдік жұлдыздарға сыйлап жүрген шапанның бағасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мен Уинстон Черчиллдің келесі сөзін қайталаймын: «Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы. Бұл сенің өміріңде бірнәрсені қорғағаныңды білдіреді». Мен сол кезде 3 миллион долларды Ресейдің бір күндік компаниясына салып жібермеу үшін барымды салған едім. Жалпы үнемі игі істер жасауға тырысамын. Себебі, өмір дегеніміз – бумеранг», - деді экс-министр.
Сонымен қатар, ол шетелден келген қонақтарға сыйлайтын шапандардың бағасына тоқталды.
«Құны 300-400 мың теңге болады. Бірақ бұл олардың Қазақстан үшін жасап жүрген жарнамаларымен еш салыстыруға келмейді. Николас Кейджді мазақтап, мемдер пайда болған кезде аздап ашуландым. Сол себепті мен осы жағдай туралы Пласидо Домингоға жақсылап айтып бердім. Ол бізді қолдау үшін шапан киіп, Instagram желісінде «Жергілікті дәстүрді сақтай отырып... Қазақстан – тамаша мемлекет!» деп сурет жариялады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, ол өзінің неліктен әлеуметтік желіде белсенді екенін түсіндірді.