Батыс Сібір мен Орал арқылы өтетін циклонға байланысты республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады.
Елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында бірте-бірте күн суып, жауын-шашын мен екпінді жел соғуы ықтимал. Бұл күндері ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіштен 2-4 градусқа төмендеуі мүмкін.Қазақстанның қалған аймақтарында найзағай соғып, күшті ұйытқымалы жел мен күннің сууы күтілуде.
Еліміздің астанасында дауылды ескерту жарияланды. 29 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай соғып, секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.
Сонымен қатар, синоптиктер Жамбыл облысының тұрғындарына да дауылды ескерту жариялады. 29 тамызда бұл өңірде желдің екпіні секундына 23-28 метрді құрауы мүмкін.
29 тамыз күні Атырау облысының кей аудандарында найзағай соғып, күндіз шаңды дауыл тұруы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.