Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды tengrinews.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысты, бірақ, қазақстандық басқа елден келгенін айтты.
– Ресейлік боксшылар – мықты. Өте мықты.
– Кім? Маған атаңыз? Ешкім білмейді, – деді Головкин.
– Біз сенен сұрағымыз келді.
– Мен Ресейден емеспін.
– Қазақстаннан, окей.
– Бұл Ресей емес!
– Бұрын бұл Кеңес Одағы болды.
– Көп уақыт бұрын, иә.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді.