Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды tengrinews.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысты, бірақ, қазақстандық басқа елден келгенін айтты.
– Ресейлік боксшылар – мықты. Өте мықты. – Кім? Маған атаңыз? Ешкім білмейді, – деді Головкин. – Біз сенен сұрағымыз келді. – Мен Ресейден емеспін. – Қазақстаннан, окей. – Бұл Ресей емес! – Бұрын бұл Кеңес Одағы болды. – Көп уақыт бұрын, иә.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді.