29.08.2019, 14:07

Түркістан облысында жоғалған бала сыныптасының үйінде болған

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баласын жоғалтқан ата-ана Ордабасы АПБ-не арызданған.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданыда жоғалған бала сыныптасының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.  

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баласын жоғалтқан ата-ана Ордабасы АПБ-не арызданған.  

«Олар  күндізгі кеше 11:30-дар шамасында 11 жасар ұлының велосипедімен белгісіз бағытқа кетіп, қайта үйге оралмағанын айтты. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде, жоғалған баланы келесі күні полицейлер сыныптасының үйінен тапты», - делінген департамент хабарламасында.