29.08.2019, 22:35

Ләйлә Сұлтанқызы Дәулетбекқызы мен Шараповты сотқа берді

Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Сұлтанқызының адвокаттарының айтуынша, сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болған.  

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деп мәлімдеді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары. Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды.