Алматы облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған балалардың кім екенін анықтады деп жазады Tengrinews.kz.
Белгілі болғандай, оқиға Қаскелеңде орын алған. Балалар шатырға подъездегі тордың үлкен ұяшықтары арқылы кіріпті.
8 бен 11 жас аралығындағы жеті баланың ата-аналарына әкімшілік жаза қолданылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде Алматы облысындағы биік үйлердің видеосы пайда болған еді.
Сондай-ақ, Алматы қаласында 10-қабаттың балконында аяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.
Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынған болатын.