$ 444.22  476.38  4.82

Аудан студенттері арасында «О теңге» акциясы өтуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «О теңге» акциясын Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасы одан әрі  жалғастырды.

Акция  Түлкібас аудандық «Жастар орталығы» мекемесімен бірлесе  Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  өткізілді.  Студент жастарға  «Сенің құның 0 теңге»  парақшалары таратылды.

Бұл бастама Департамент басшылығының аудан тұрғындары мен «Ашық есік күні» аясында өткізілген семинар-кеңестерде түскен ұсыныс-пікірлер  негізінде жасалды.

Бүгінгі таңда дамыған мемлекеттер қатарынан көріну үшін еліміз қай қырынан да озық болғаны абзал. сол себепті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өзі бастап жемқорлықпен күрес жүргізуді қатаң қадағалауда. Мұндай шараны оқу орындарында өткізудің тағы бір себебі, «оқу орындарында әр емтихан кезінде жемқорлық үдеп кетеді» деген сөз жиі айтылады. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Бұл сондай-ақ, жемқорлықпен қоғам болып күресуді насихаттау болып та есептеледі. Осы оқу орнында жүріп пара берген студенттен ертең пара алатын маман шығуы ғажап емес. Сондықтан, жас ұрпақты бастауынан бастап лайламай, таза қалпында сақтау әр бір аға буынның парызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары