Құзырлы министрліктердің жоспарына сай 10 күнге созылған шараға 600-ден астам адам қатысты, деп жазады 24.kz.
Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар мен дәрігерлер, бюджет және халыққа қызмет көрсету саласының өкілдері, сондай-а, IT мамандар да бар.
Олар латын қарпіне негізделген пернетақтаны қолданып, түрлі тапсырмаларды орындады. Кейін қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, ұсыныс-тілектері жиналды. Енді қыркүйек айынан бастап, жаңа әліпбиді оқыту курстары жүргізіледі.
Ақтөбеде латын графикасының пернетақтасы сынақтан өткізілді
Бұл үшін тұңғыш рет балалар мен ересектерге арналған қажетті оқулық та шығарылған. «Кітаптар латын графикасын тез меңгеруге мүмкіндік береді» дейді тілдерді оқыту орталығының мамандары.
Клара Серғазина, тілдерді оқыту орталығының басшысы:
- Біздің байқағанымыз, адамдар өте ынталы оқуға, үлкен қызығушылықпен келді. Барлығымызды қуантқаны бұл әрине қазақтың тұңғыш латын графикасындағы қазақи клавиатура. Бұл клавиатура эстетикалық тұрғыдан да көзге жағымды. Бұрыңғыдай қазақ әріптері сандардың қасында оқшау жоғары да тұрған жоқ. Бүкіл әріп өз орнында пернесінде, жазуңа да ығңайлы. Енді анау-мынау осал тұстары болса, кейінгі жаппай шығарылымға дейін IT мамандары жөндей жатады.