$ 494.87  520.65  4.91

Бір адамның мәйіті табылған: Алматы облысына қарасты ауылдағы цехте жарылыс болды (ФОТО)

Сонымен қатар, оқиға кесірінен цех аумағында тұрақта тұрған Мерседес МЛ-300 көлігі мен Тойота Авенсис зақымданды.

Бүгін, 31 тамыз күні Алматы облысының ТЖД жедел қызметінің пультіне сағат 12:22-де Қарасай ауданындағы Райымбек ауылында орналасқан газбетон блоктарының өндірісмен айналысатын цехте жарылыс болғаны жайлы хабарлама түсті деп жазады ІІМ ТЖК-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Газбетондарды өндіру үрдісі кезінде үлкен қысым салдарынан автоклав істен шығып, жарылыс орын алған. Нәтижесінде цех жартылай қирап қалған.

Оған қоса, түтін құбырының жартысы жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кетті.

Сонымен қатар, оқиға кесірінен цех аумағында тұрақта тұрған Мерседес МЛ-300 көлігі мен Тойота Авенсис зақымданды.

«Оқиға орнында 1961 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Оған қоса, төтенше жағдай орнынан түрлі жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді ІІМ ТЖК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары