31.08.2019, 17:50

Елiмiздiң 3 өңiрiнде күн қатты суытады

2-3 қыркүйек күні түнде Қостанай және Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 1-3 қыркүйек күні түнде Батыс Қазақстан облысында, 2-3 қыркүйек күні түнде Қостанай және Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.