$ 447.4  477.55  4.76

«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды

Жемқорлыққа жол жоқ. Осындай ұранмен сыбайлас жемқорлықпен күресушілер ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Соның бірі, қоғамдық індетпен ашық күресудің жолы. Қарсылықты бейнелеу өнерімен жеткізуге де болды екен.

Осы мақсатта  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Бейнелеу өнері мұражайында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында жасөспірімдер арасында үздік плакаттың моделін жасау үшін сурет салудан байқау өтті.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы үздік плакаттың моделін жасау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Байқауға Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Г.Е.Мұсабекова, ОҚО Білім басқарма басшысының орынбасары Б.С.Жаңәбіл және бас маман Ә.С.Кенжебаев, дизайнер көркемсурет галереясының меңгерушісі М.А.Айдюсенов, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Е.С.Бегалиев қазылық жасады.

Іс-шара барысында жасөспірімдер бейнелеген суреттерден бірқатар үздік плакаттар моделі анықталып, Департамент басшылығы атынан марапаттаулар болды. Аталған үздік плакаттар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, сауаттандыру бойынша түрлі көше, даңғыл бойындағы билбордтарда, тренингтерде, кездесулерде, және т.б. іс-шараларда қолданылатын болады.

Қоғамның жас белсенділері жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады. Адамға әртүрлі ой салатын суреттер алдағы уақытта кәдеге асып, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың көрсеткішін төмендетуге ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары