$ 498.34  519.72  4.85

Сирияда Түркияға қарсы наразылық шеруі өтті

Сириялықтар Түркия билігінен Идлиб аймағынадағы үкімет әскері мен Ресей күштерінің қимылдарын қолдауды тоқтатуды сұрады.

Сирия мен Түркия шекарасындағы Баб әл-Хава бекетінде Шам елінің тұрғындары наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сириялықтар Түркия билігінен Идлиб аймағынадағы үкімет әскері мен Ресей күштерінің қимылдарын қолдауды тоқтатуды сұрады. Наразы жұрт Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның суреті мен осы елдің туын өртеді. Қазір екі мемлекет арасында жағдай шиеленіскен. Себебі Сирия үкіметі әскері Идлиб аймағындағы түрік бақылау бекеттерін қоршауға алып, ондағы әскерилердің кетуін талап етуде. Алайда Түркия өз әскерін шығармайтынын айтып, шекараға жасақтарын шоғырландыруда. Анкара Сириядағы дағдарыстың саяси шешімі табылса ғана бұл елден кететінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия