Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халыққа жолдау жариялайтыны туралы Президент осыдан үш апта бұрын хабарлаған еді. Тіпті жолдауда көтерілетін мәселелердің шет жағасын Мемлекет басшысы айтып қалған.
«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деген еді Президент twitter парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында тағы қандай мәселелер көтерілуі мүмкін? ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев осыған қатысты болжам жасап көрген болатын. Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының ер екше құпия жасамай, барлық зорлықшыларға жазаны қатаңдатуға ниетті екендігімен бөлісуі фактісінің өзі қызықтыра түседі. Бұл жаңалықт ы құпия ұстай тұрып, залда барынша қошеметке ие болуға да болар еді. Дегенмен, Президентке пойыздағы зорлау сорақы фактісіне байланысты оқиғаға бей-жай қарамаған отандастарымен пікірлес екендігін білдіру маңызды болған сияқты.
Осынау қысқа ғана твит іс жүзінде зорлыққа бірауыздан жек көрушілікті қалыптастыруда айрықша рөл ойнады. Қалғаны әзірше құпия қалып отыр», - деп жазады Т.Қалиев Telegram-да.