Қостанайда "Тобыл" футбол клубының және Қазақстанның жастар құрамасының футболшысы Николай Жуков қайтыс болды. Бұл туралы клубтың ресми сайтыхабарлады.
Николай соңғы айларда жілік майы дертімен күрескен. 31 тамыз күні кешке 26 жастағы спортшының жүрегі тоқтағаны белгілі болды.
"Николай Жуков бірнеше маусымда сары-жасылдар сапында қосалқы құрамда болды. Қазақстан жастар құрамасына да еңбек сіңірді.
"Тобыл" футбол клубы Николайдың туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.