Жаңалықтар 20.11.2015 сағат 11:20

Жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды

«Сыбайлас жемқорлықтың алдына алуда БАҚ-ның, журналистердің кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бейне байланыс жүйесі ашық келісім алаңы өтті. Оның мақсаты – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелеуге жағдай жасау.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Іс-шара барысында ҚР кинематографиялық ұйымдардың және БАҚ-ның белсенділері сөз алды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы А. Жумағалиев, Қазақстанның Интернет Қауымдастығының президенті Ш. Сабиров, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, Қазақстан кинематографиялық ұйымының төрағасы И.Вовнянко өз пікірлерін білдірді.

БАҚ басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысқан іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, еліміздегі жемқорлықпен күресумен айналысып келе жатқан негізгі ұйымдардың бірі – «Нұр Отан» партиясы. Қазіргі таңда партия өкілдері жемқорлыққа қарсы доктринаны әзірлеу үстінде. Онда аталған «індеттің» алдын алудың жаңа жолдары, жазалау тетіктері қарастырылған.
Сала мамандарының сөзіне сенсек, республикада жемқорлық жайлаған негізгі салаларға денсаулық сақтау, білім беру және құқық қорғау жүейлері жатады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар