Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Бұл туралы Тоқаев Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.
"Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауына.
Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.