$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды полицейлері оқушыларды зорламақ болды деп айыпталған күдіктіні босатып жіберді

Ол оқушыларға сусын мен кәмпит ұсынған.

Қарағанды полицейлері оқушыларды зорлауға оқталды деп айыпталған күдіктіні босатып жіберген, деп хабарлайды NV.kz. 

Ол оқушыларға сусын мен кәмпит ұсынған. 

«Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған жоқ. Нақты факті жоқ», - деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.  

Айта кетейік, күдіктіні №11 орта мектептің маңынан өтіп бара жатқан адам ұстап, полицияға тапсырған болатын. 

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары