04.09.2019, 16:45

Алматыда полицейлер қаққан әйел ауыр жағдайда ауруханада жатыр

Бүгін Алматыда полиция көлігі 71 жастағы әйелді қағып кетті.

Алматыда полицейлер қағып кеткен әйел жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Алматыда полиция көлігі 71 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Брусиловский көшесінің бойында, "Тастақ" базарына жақын маңда болды. 

"Науқасты жедел жәрдем бригадасы жедел жәрдем ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Диагнозы: жабық бас сүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, басынан қатты соққы алған, сол жақ иығы мен тірсегі сынған. Жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер. 

Куәгерлердің айтуынша, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан егде жастағы әйел апат салдарынан зардап шекті. Ол әр түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті.