$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандының Достық үйінде Ашық есік күні өтті

Әлеуметтік желілерден кеңес алуға болатынын біліп келген Құралай Кумасбаеваның ағасы екеуіне ата-анасынан мұра ретінде пәтер қалған.

5 тамыз республика бойынша Медиация күні болып бекітілген. Атаулы күн аясында Қарағандының Достық үйінде Ашық есік күні өтті және тұрғындарға, бұл күні кәсіби медиаторлардан тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Заңына сәйкес, ҚХА ның негізгі бағыттарының бірі медиация болып есептеледі. Демек, жалпыұлттық келісімдегі медиацияның ролі өте зор.

Әлеуметтік желілерден  кеңес алуға болатынын біліп келген Құралай Кумасбаеваның ағасы екеуіне ата-анасынан  мұра ретінде пәтер қалған. Алайда, қартайған ата-ананың жанында көбірек болып, бағып-қақтым деген наразылығымен пәтерді бөлісе алмайтынын айтып туысқан аға сотқа жүгінеді. Кәсіби медиаторлар қарағандылық тұрғынға бұл жағдайда қалай дұрыс қадам жасау керек, неден бастау керек екенін, қайтсе бейбіт жолмен бітігершілікке келуге болатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалар  бекітіліп, өзгерістер енгізілуде. Заңгер мен адвокат жалдауды әркімнің қалтасы көтере бермейтін жағдайда кәсіби медиатордан тегін кеңес алу өте ыңғайлы әрі маңызды. Әртүрлі сұрақтарға тиісті кеңес берілген шара дөңгелек үстелге жалғасты. Мұнда облыстық сот, прокуратура, этномәдени бірлестіктер мен облыстық Ассамблея құрылымдарының өкілдері, жалпы алғанда 40 адам қатысты. ҚХА мүшесі, Қарағанды еврей бірлестігінің  төрағасы Вилен Молотов-Лучанский : «Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ҚХА ның негізгі бағыттарының бірі медиация. Елбасы да осы мәселеге үлкен зер салып, медация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болу тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Сондықтан елдегі медиация институтының дамуына барынша қолдау көрсетіліп, медиацияның кеңінен қанат жаюына ықпал ету қажет»,- деді.

Сондай ақ, келелі кездесуде халық арасында заң жағынан сауаттылық деңгейін көтеріп, сотқа дейін дау-дамайды бітімгершілікпен шеші мемлекет дамуының бірден-бір жолы екені айтылды. Мысалы, осы бір жыл ішінде Қарағанды бойынша медиаторлардың көмегімен 1000 нан аса дау шешілген.

Облыстық соттың медиаторы Тотай Ерімбетовтың айтуынша, бүгін тұрғындарға, жалпы қоғамға ауқымды бағдаралама ұсынылды. «Азаматтар медиация арқылы даулы мәселені шешуге болатынын түсініп келеді жжәне нәтижесін беруде. Демек, медиацияның болашағы зор. Ел татулығын биік қойған кешегі би бабаларымыздың сара жолы бұл.  Біз медиаторлар өз көмегімізді әрқашан көрсетуге дайынбыз»,-дейді. Бір айта кететіні, осы күні  аймақ бойынша бір жарым мың азамат тегін кеңес алған Мұндай шаралар Сәтбаев, Жезқазған және Балқаш қалаларында да өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды