Дзюдодан Токиода аяқталған әлем чемпионатынан соң халықаралық федерация әлемдік рейтингті жаңартты. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар бірнеше сатыға төмендеді, деп жазады Olympic.kz.
60 келідегі Елдос бір орын төмен сырғып, рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. Ал Ғұсман Қырғызбаев керісінше бір саты жоғарылап, 10-орынға көтерілді. 66 келідегі Ерлан Серікжанов жетінші орынға көтерілсе, Елдос Жұмақанов бір саты төмендеп, 12-орында тұр.
73 келідегі Жансай Смағұлов 19-орынға сырғыды. Бұған дейін ол 17-орында болатын. Екі орынға төмендеген 81 келідегі Дидар Хамза 19-сатыда, ал Руслан Мұсаев алты сатыға жоғарылап, 43-орынға көтерілді. 90 келідегі Ислам Бозбаев 12-ден 13-орынға сырғыды. 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев екі сатыға жоғарылап, 60-шы орынға көтерілді. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 34-сатыға жылжыған.
Дереккөз: 24.kz