09.12.2015, 05:19

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлерінің жартысы қыcқарады

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры топ-менеджерлерінің жартысын қықартады. 16 басқарушы директорлардың тек 9-ы басқармада қалады. Бұл туралы қордың трансформациясына арналған конгресс барысында қор басшысы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

«Біздің болжамымыз бойынша, орта қызметтегі топ-менеджерлердің 30 пайызы өзгеруі мүмкін. Алдымен қызметкерлерді  «Самұрық-Қазына» мен оның еншілес компанияларынан, сосын Қазақстаннан іздестіреміз. Егер мемлекеттен табылмаса шетелдіктерден қараймыз», — деді қор басшысы.

«Бізге қорда және ірі компанияларда жұмысы мен тәжірибесі бойынша тиімділігін көрсете алатын қызметкерлер керек», — деп атап өтті ол.