Мейірбек Тілеулиев Оралдың жаңа прокуроры болып тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Қазақстанның бас прокуроры қол қойды. Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мейірбек Сағындықұлы 38 жаста. Ол Орал қаласының тумасы.
Қадағалау органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
Орал прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған.
Тоғыз жыл Бас прокуратурада түрлі лауазымдарда еңбек етті. Прокурор, аға прокурор, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бөлім басшысы және Бас прокурордың көмекшісі болды.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болып еңбек етті.
Екі ведомстволық медальмен марапатталған.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.