$ 444.32  473.33  4.76

Жезқазғанда халықаралық күйшілер байқауы өтіп жатыр

Мереке күйші Кетбұға жырау атындағы «Ақсақ құлан» халықаралық байқауынан басталды.

Қарағанды облысында Жезқазған қаласының 65 жылдығы атап өтілуде, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала мерейтойына мәдени мұраны дәріптеу және рухани жандандыруға баса назар аудара отырып, үлкен мерекелік бағдарлама дайындалды. 

Мереке күйші Кетбұға жырау атындағы «Ақсақ құлан» халықаралық байқауынан басталды. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өтуде. Музыкалық сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстанның басқа өңірлерінен, сондай-ақ Қытай мен Монғолиядан орындаушылар келді. Олардың қатарында елордадан келген белгілі күйшілер Айбек Әрімбек, Алматыдан келген Бақберді Қадубек пен Ілияс Тұрсынбек және басқалары бар. Ал Жезқазғанның намысын Бақытжан Есмағанбет, Бекзада Достиярова, Нүриден Оспанов қорғайды. 

Құрметті қонақтар қатарында шығармашылық зиялы қауым өкілдері: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Біләл Ысқақов, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ҚазҰӨУ профессоры Жанғали Жүзбай, флейташы, ҚХР күйшісі Бейілхан Қалиақбарұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбай, қобызшы Қазбек Әдікеев бар. 

Қазылар алқасына «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров және мәдениет қайраткерлері кірді. 

Фестиваль қатысушылары Кетбұға жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараның ашылу салтанаты С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының қабырғасында өтті. Көрермендерге Ғазиза Ештанаевтың «Кетбұғаның соңғы күйі» поэмасы бойынша шағын қойылым көрсетілді. 

Байқау екі күнге созылады және жабылу салтанатында жеңімпаздардың есімдері жарияланады.Кетбұға - қазақ жырауы, күйші-композитор, батыр және халық арасында тараған тарихи аңыздардың кейіпкері. Оны қазақ ежелгі әдеби өнерінің негізін қалаушы деп те атайды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жезқазған