$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда сұмдық жол апаты: 2 адам қайтыс болды

Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына.

Жол апаты 6 қыркүйекке қараған түні Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болыпты.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Cresta көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол үстінде көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.

Көмекке ұмтылған куәгерлер көліктердің ішінен жүргізушілерді алып шықты, алайда олардың өмірлеріне араша түсе алмады. Екі жігіт те жан тапсырған екен.

Жантүршігерлік апаттан Toyota көлігінде отырған қыз ғана аман қалды.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіні қарап, шұғыл ауруханаға жатқызды. Қазір дәрігерлер қыздың өмірі үшін күресіп жатыр.

Жол апатының мән-жайы мен кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары